Қала әкімі І.Испанов құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды күшейтуді тапсырды.

01.06.2018 Жемқорлыққа қарсы күрес

Қалалық әкімдікте Ақтөбе қаласының әкімі И. Испановтың төрағалығымен  Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде ведомствоаралық комиссияның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өткізілді. 

Отырыс барысында бірқатар мәселелер, оның ішінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке  толмағандардың істері және олардың құқықтарын  қорғау  жөніндегі комиссияның  жұмысы туралы қаралды.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылық жағдайы туралы. Кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға, жасөспірімдердің криминалдық белсенділігін төмендетуге бағытталған шаралар туралы «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы» ММ-ның жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Малаев Еркін Бекболатұлы сөз өйледі.

Сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды, рухани құндылыққа бағыттауды, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің жүргізіп отырған жұмыстарын жариялауды ұйымдастыру туралы. Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтанулық сауалдар жүргізу мәселелері жөнінде  «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Орынбасар Мақсат Зейноллаұлы айтып өтті.

Осылайша, Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің мәселелерді қарау қорытындылары бойынша қоғамдық орындарда мас күйіндегі адамдар,   кәмелетке толмағандар, бұрын қылмыс жасағандар, сондай-ақ жұмыссыздар жасайтын қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша барлық қажетті шаралар алсын, жергілікті полиция қызметі, потрульді бекеттік қызметі жол потрульдік полициясының жұмыстарын күшейтсін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыспен күресте қажетті басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы полицияның кешенді жұмыстарының нәтижелері жедел кеңестерде қаралсын, олардың қызметтерінің тиімділігін арттыруда нақты шаралар қабылдау қажеттіг жөнінде тапсырмалар берілді.

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысына Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп барлық мектепке дейінгі ұйымдарда және орта мектептерде "Жол қозғалысының ережелері, жаяу жүргіншілердің қала көшелері мен жолдарда қозғалыс қауіпсіздігі» тақырыбына сабақтар өткізсін, Ақтөбе қаласының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, оқу орындарына бармайтын оқушыларға рейдтік іс-шаралары үнемі жүргізу жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмалар берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі комиссия отырысы аясыеда бірқатар мәселелер  қаралды. 

Жол бақылауын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін атқарылған жұмыстар туралы және ішкі істер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру туралы Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының бастығының орынбасары  Асланбек Омаров баяндады. 

Әрі қарай қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Жәмиля Ташимова мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың маңызды тетігі ретінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру туралы, сонымен бірге қалалық мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы ақпараттандырды. 

Сонымен бірге, комиссия мүшелері «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады. 

Сұрақтарды қарау нәтижесінде қала әкімі І.Испанов Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының басшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары негізгі талаптарын сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Сонымен қатар басқарма қызметшілері арасында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза туралы көшпелі сот отырыстарына қатысу, арнайы бейнероликтердің көрсетілімін, т.с.с. ұйымдастыру жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының Департаментімен бірлесе отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жасау және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу тәсілдері туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды. 

Тұрғын үй қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторының  меңгерушісі Ж.Дүйсекеноваға тұрғын-үй құрылыс Жинақ банкі, «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бағытында бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ақпаратты БАҚ-нда кеңінен жариялау, құжаттарды қабылдауда ашықтықты  қамтамасыз ету тапсырылды. 

Қалалық мемлекеттік мекемелердің басшыларына мемлекеттік қызмет алу орындарында мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларға барлық жағдайларды (пандустарды қондыру, электрондық кезектілікті ұйымдастыру, т.б.) қарастыру жүктелді. 

Сонымен бірге, «Есіктен есікке» жобасы бойынша қоғамдық орындарда ақпараттық плакаттарды жапсыру, брошюраларды тарату, бейне роликтердің көрсетілімін ұйымдастыру жөнінде жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық  бұзушылықтарына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдаудың маңыздылығы айтылды.