2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

31.01.2018 Жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бекітілген Жоспарға сәйкес 2017 жылдың өткен уақыты аралығында келесі жұмыстар атқарылды:    

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар.

Өз қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, қалалық мемлекеттік мекемелер, қала әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мемлекеттік қызметшілермен құқық қолдану практикасында ескеріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Қала әкімдігімен бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы мақсатты жұмыстар жүргізілді. 

Атап айтсақ, мемлекеттік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында қалалық мемлекеттік мекемелермен жергілікті баспа беттерінде 13 мақала басылды. 

Қалалық, ауылдық кітапханаларда тақырыптық кітап көрмелер, дөңгелек үстелдер (6) ұйымдастырылды. Телеарнала бағдарламаларында қалалық мемлекеттік мекемелердің өкілдермен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша сұхбаттар берілді. 

«Есіктен есікке» жобасы аясында ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Осылайша, мемлекеттік мекемелерде, халық көп шоғырланған жерлерде (сауда-ойын сауық орталықтарында, автобус көліктерінде, тұрғын үйлердің кіре беріс алаңдарында, т.б.), Халықтық кеңсе ғимаратында тақырыптық плакаттар орналастырылып, қоғамдық орындарда бейне-роликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, коммуналдық кәсіпорындардың квитанцияларына (170 мыңннан астам квитанция) сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттар басылды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен 7 баннер әзірленіп, қаланың орталық көшелерінде орнатылды. 

Сыбайлас жемқорлық тақырыбында қалалық мемлекеттік мекмелерде түрлі форматта шаралар өткізілді. Мемлекеттік мекемелерде және оған бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері сұрақтары, т.б тақырыптарда дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, сұрақ-жауап форматында кездесулер өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

2017 жылы қалалық мемлекеттік мекемелермен өз қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін шаралар қабылданды. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен жұмыс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 6 кездесу өткізілді. 

Жер, білім, тұрғын-үй саласындағы қызметтің ашықтығы.

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкімдік сайтында мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындарды бөлу жөніндегі, мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй алуға және жер учаскесін алуға кезектер орналастырылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қалалық комиссиялардың отырыстары өткізіледі. Жер учаскелерін беру кезінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін жер қатынастарын реттеу және жер учаскесіне құқық беру жөніндегі, жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу комиссияларының құрамына Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізілген. 

Жер пайдаланушылардың және жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында, қала әкімдігінің сайтында үнемі жарияланып тұрады. 

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, білім бөлімдері, тұрғын үй қорын есепке алу секторы орналасқан ғимаратта 16 бейнебақылау камералары, келушілердің ағымын реттейтін турникеттер, сондай-ақ, электрондық кезектілікке арналған терминалды қондыру арқылы қабылдаушыларды қабылдаудың тәртібі реттелген. Ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттар, сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда хабарласуға болатын телефон нөмірлері, сенім телефондары көрсетілген.

Қоғамдық әлеуметтік зерттеулер 

Қоғамдастықтың пікірін зерттеу үшін мемлекеттік тапсырыс аясында қаладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі мәселелері бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді. Сауал мәліметтеріне сәйкес, қала тұрғындарының басым бөлігі сыбайлас жемқорлық көріністерінің қабылдамауға дайын екеіндігін екенін (77,1%) көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қала тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауатының жылдан жылға артып келе жатқандығын айқын белгісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі қалалық комиссия.

2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі қалалық комиссияның 4 отырысы өткізіліп, жер қатынастары, салық, білім, құрылыс, сәулет, төтенше жағдайлар салаларында және әділет, ішкі істер жүйелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда қабылданған шаралар туралы есептер тыңдалды. Қалалық комиссияның жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары, қала әкімдігінің ресми сайтында тұрақты негізде жарықтандырылады.      

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «қызу желі» өткізуді ұйымдастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша «қызу желі» ұйымдастырылып, «Инстаграмм», «Фейсбук» әлеуметтік желілерде тікелей эфирде (қала әкімінің орынбасары Л.Уразбаева) сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы мәселелі сұрақтарға сұхбат берді. 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі жұмыстар.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау мақсатында қалалық бөлім мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.. Қала әкімінің аппаратында сенім телефоны, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің этикасын бақылау кітабы жұмыс істейді. Әкімдіктің 1 қабатында қала әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтардың арыз жәшігі орналастырылған. 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілермен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыс фактілері анықталған жоқ. 

Қаржылық бақылау шаралары

Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды қалалық мемлекеттік мекемелердің барлық мемлекеттік қызметшілері ұсынды. 2017 жылы декларацияларды уақытылы тапсырмау фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету.

Қол жетiмдiлiктiң қамтамасыз етуi және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мемлекеттiк саясаттың басым бағыттардың бiрi болып табылады. Бүгінгі күні Үкіметімен бекітілген тізіліміне сәйкес Ақтөбе қаласында қалалық мемлекеттік мекеме және ауылдық округтермен 100 артық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтің 32 түрі баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беріледі, яғни, мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорация арқылы да, мемлекеттік органдарда да көрсетіледі. Тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 33 түрі көрсетіледі. Қала тұрғындарына қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органда және Мемлекеттік корпорация арқылы ғана алып қоймай, оны www.egov.kz веб-порталы арқылы да алуға болады.

Бүгінгі күні электронды форматта 51 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2017 жылғы бойынша қалада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 195006, оның ішінде мемлекеттік органмен 117803 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік органмен Мемлекеттіқ корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 62625, сондай-ақ электрондық форматта 14578 қызмет көрсетілді.
Бюрократизмді азайту және сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа және

Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетуге көшіру жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бір шарасы – тұрғындарды қол жетімді ақпаратпен қамтамасыз ету, салалық сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету. Аталған міндеттерге қол жеткізуде пилоттық режимде іске қосылған «Халықтық кеңсе» жобасы сыбайлас жемқорлықпен күресте оң нәтиже береді деп ойлаймыз. «Халықтық кеңсе» жобасы аясында қалалық әкімдікпен «бір терезе» қағидаты негізінде қызметтің барлық түрі көрсетілуде. Осылайша, «Халықтық кеңсе» жобасы аясында қызметтің 400-дей түрі көрсетіледі. Олар жер қатынастары, білім, әлеуметтік, тұрғын-үй шаруашылығы, кәсіпкерлік, спорт, мәдениет, құрылыс, сондай-ақ азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету салаларында көрсетіледі. Аталған жоба бюроктраттық әуре-сарсаң, билік пен халық арасындағы кедергілерді, сондай-ақ қызмет көрсетудің мерзімін қысқартуға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты жоюға және маңыздысы - қызмет алушының өтініш келіп түскен сәттен түпкілікті нәтижеге дейін қызмет көрсетудің процесін бақылауға мүкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі тұрақты негізде жүзеге асырылады.