Ярмарка
Басталу күні
06-12-2016 09:00
Аяқталу күні
08-12-2016 19:00

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанда Тургенев көшесінде, 7 желтоқсанда 12 мөлтек ауданында, 8 желтоқсанда Қарғалы ауылдық округінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сағат 10:00 ден 17:00-ге дейін қоғамдық қабылдау шаралары жоспарланды, мұнда әйелдер ішкі істер органдарының қызметкерлерінен, «Әйелдерді қолдау орталығының» психологтарынан, Батыс Қазақстан медиация Ордалығының медиаторларынан, «Ана Үйі» Дағдарыс орталығынан және «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қызметтерінен кенестер алуларына болады.
Белгілі болғандай Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады.
Зорлық – зомбылыққа қарсы әйелдер қорғау жөніндегі Жергілікті полиция инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен, Әйелдердің құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірге халықпен кездесулер өткізіп, тұрмыстық зорлық- зомбылық алдын алу заң бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

1