Жастар Ақтөбенің тазалығына атсалысты

Жастар Ақтөбенің тазалығына атсалысты
10.09.2018 Қоғам

 Шаһарымыздың көркеюіне өз үлесін  қосу мақсатында Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың жоғары, орта білім беру орындары мен мектептерден жас еріктілері мен белсенді жастардың қатысуымен «Ақтөбе таза қала» атты жастар акциясы өткізілді. Акция барысында жастар Ақтөбе су қоймаларының жағалауларын күл-қоқыстан арылтып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.