СПОРТШЫҒА СӘТТІЛІК
03.07.2020 Мәдениет және спорт

Қала әкімі Асхат Шахаров ақтөбелік палуандардың мақтанышы - Жалғас Жұмағұлов пен «Еркін күш» күрес клубының директоры Жалғас Иманбаевқа жекпе-жек алдында сәттілік пен жеңіс тіледі.

Соңымен бірге, ол бұл жеңістің бүкіл қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.

Еске салып кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 11 шілдеде өткізеді.

Айтулы дода Абу-Дабиде (БАӘ) «Fight Island» аралында өтеді.  Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы UFC-де үш жекпе-жек өткізген (1-2) тәжірибелі бразилиялық Раулиан Пейва (19-3).
 
Жалғасқа барша Ақтөбе жұрты сәттілік тілейді!