Шаһар басшысы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған чемпиондарды қабылдады

Шаһар басшысы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған чемпиондарды қабылдады
11.10.2019 Мәдениет және спорт

 Жұма, 11 қазан күні қала әкімі Мавр Абдуллин күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Мейрамбек Айнағұлов пен Нұрислам Санаевпен кездесіп, оларды жеңістерімен құттықтады. 

«Үлкен додада топ жарып, Ақтөбенің атын шығарып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Сіздер жеңіп жатсаңыздар, біздер мақтанамыз.

Тынымсыз еңбектің арқасында ғана үлкен жетістікке жеттіңіздер. Халықтың зор үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Жеңіске жете беріңіздер», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.  

Жиын барысында бұқаралық пен кәсіби спортты қолдағаны үшін гір көтеруден 12 мәрте әлем чемпионы Евгений Гончаров шаһар басшысына триатлон медалін сыйға тартты.  

Кездесу соңында қала әкімі Мавр Абдуллин чемпиондар мен олардың бапкерлеріне алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.