Әріптесімізді жаңа жұмысымен құттықтады

Әріптесімізді жаңа жұмысымен құттықтады
15.10.2019 Мәдениет және спорт

Кеше Ақтөбе облысы әкімдігінде  өткен аппараттық жиында  облыс әкімі Оңдасын Оразалин  жаңа лауазым иелерін таныстырғаны мәлім. Ақтөбе облысы әкімінің  өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Евгений Гончаров тағайындалды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған  38 жастағы Евгений Гончаров 2004 жылы  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру, спорт жаттықтырушы», 2016 жылы Орынбор Мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын ОБЖСМ велоспорт жаттықтырушысы болып бастаған. 2015 жылдан Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин  жаңа қызметке тағайындалған әріптесіміз Евгений Гончаровтың  жұмысына сәттілік тілеп,  жаңа қызметін асқан жауапкершілікпен  ойдағыдай атқаруына тілектестігін білдіріп, сенім арта отырып, оның қалалық әкімдіктегі жасаған жемісті жұмысына алғысын айтты.Кеше Ақтөбе облысы әкімдігінде  өткен аппараттық жиында  облыс әкімі Оңдасын Оразалин  жаңа лауазым иелерін таныстырғаны мәлім. Ақтөбе облысы әкімінің  өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Евгений Гончаров тағайындалды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған  38 жастағы Евгений Гончаров 2004 жылы  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру, спорт жаттықтырушы», 2016 жылы Орынбор Мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын ОБЖСМ велоспорт жаттықтырушысы болып бастаған. 2015 жылдан Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин  жаңа қызметке тағайындалған әріптесіміз Евгений Гончаровтың  жұмысына сәттілік тілеп,  жаңа қызметін асқан жауапкершілікпен  ойдағыдай атқаруына тілектестігін білдіріп, сенім арта отырып, оның қалалық әкімдіктегі жасаған жемісті жұмысына алғысын айтты.