«Нео Плюс» бұрынғы «Таза Life» фирмасының аймағында қызмет ете бастады

«Нео Плюс» бұрынғы «Таза Life» фирмасының аймағында қызмет ете бастады
16.09.2019 Жалпы

«Нео Плюс» ЖШС қосымша жаңа бес қоқыс шығарушы көлік сатып алды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен екі фирма –  №27 басқарушы компания мен «Нео Плюс» ЖШС айналысып жатыр. Соңғысы 41 разъезден Промзона өндірістік аймағына дейінгі аймақта жұмыс істейтін болады. 

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің тапсымармасына сәйкес, Ресей Федерациясында жасалған бес қоқыс шығарушы көлік сатып алдық. Бізге тапсырылған аймақты бір аптаның ішінде ретке келтіруге тырысамыз», - деді «Нео Плюс» ЖШС өкілі Владимир Проскурин. 

Сондай-ақ, ол тұрғындардан қоқыс шығаруға төлемді уақтылы жасап тұруын сұрады.

«Өкінішке қарай, 104 теңге болатын тариф біздің шығынымызды өтемейді. Бірақ тұрғындар осы кішкентай сомманы да төлемей отыр. Еске сала кетейік, тұрғындардан қаражат түспегесін «Таза Life» өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Тұрғындар бір ғана «Нео Плюс» компаниясына 50 миллион теңгеден астам қаражат қарыз», - деді Владимир Проскурин. 

Жедел Штаб өз жұмысын жалғастырып келеді. 109, 909-605 (қалалық телефоннан), 8778 746 33 33 (ұялы телефоннан) "109" Байланыс орталығына тәулік бойы түсетін өтініштерге байланысты техника жұмылдырылады.

«Мердігер компания «Ерхат жолдары» 15 жүк машинасы мен 8 жүк тиегіш көлігін жұмысқа қосты. Бұдан бөлек, коммуналдық кәсіпорын «Табыс Ақтөбе» ЖШС 2 жүк тиегіш пен 4 жүк тасушы көлік берді», - деді тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.