НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
07.02.2019 Мәдениет және спорт

Ақтөбе қаласының құрметті қонақтары мен тұрғындары!

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласы әкімінің бастамасымен әр сенбіде сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін «Анаға тағзым» орталығында психологтардың тегін кеңес беруі ұйымдастырылады. Онда сіздер келесідей сұрақтарға жауап ала аласыздар: жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасы (алғашқы махаббат, қақтығыстар); ата-ана мен бала арасындағы қатынастардың қиындықтары; оқыту және тәрбиелеу мәселелері; кәмелетке толмағандардың тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (құмар ойындар, интернет-тәуелділік); кәмелеттік жасқа толмағандар жасөспірімдерге қатысты қатігездікті болдыртпау; отбасылық жағдайларға қатысты мәселелер мен т.б.

Келіңіздер! Мамандар Сіздерді әр сенбі күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін «Анаға тағзым» орталығында күтеді.