Министр Б.Нұрымбетов ақтөбелік аналармен кездесті

Министр Б.Нұрымбетов ақтөбелік аналармен кездесті
23.08.2019 Мемлекеттік басқарма

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Біржан Нұрымбетов Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде "Анаға тағзым" рухани тәрбие беру орталығын аралап, жұмысымен танысты. Сондай-ақ министр ақтөбелік көп балалы, жалғыз басты, мүгедек баласы бар аналармен, тағы басқа да әлеуметтік жағынан аз қорғалған аналармен кездесті. Аналар министрге атаулы әлеуметтік көмек туралы, баспана мен басқа да тұрмыстық мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, жауабын алды.

«Елімізде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар аналарға құжаттарына сәйкес заңды түрде тағайындалады, сәби дүниеге келген күннен бастап бір рет берілетін жәрдемақыдан бастап көп балалы аналарға, мүгедек бала бағып отырған отбасыға, тағы басқа әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға жәрдемақы төленеді. Мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Ал, атаулы әлеуметтік көмекті отбасы табысын жасырып алған заңсыздықтар тоқтатылады. Бәрі де заңды түрде, құжаттар бойынша рәсімделіп, көмекті ретсіз алған аналар алған қаржысын қайтаруы тиіс, ал олардың отбасындағы еңбекке жарамдылар жұмысқа тартылуы керек», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Біржан Нұрымбетов журналистерге берген сұхбатында.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында 80 мыңнан астам ананың АӘК алуға құқы бар, ол – 8,3 млрд теңгені құрайды, оның 4,5 млрд теңгесі берілді, қалғаны ретімен берілуде, мысалы, осы айдың АӘК аналарға берілді, ол жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.