Кәсіпкерлік субъектілерінің басшысыларына
19.03.2020 Экономика және кәсіпкерлік

Өте маңызды!

Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" Заңын іске асыру бойынша келіп түскен мәселелерге байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды уақытша иелену және пайдалану үшін жалдау ақысын төлеу мәселесі бойынша Ақтөбе қаласының әкімдігі келесідей хабарлайды.

"Төтенше жағдай туралы" ҚР Заңының 1 – бабының 5) тармағына сәйкес төтенше жағдай-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР конституциялық құрылысын қорғау мүддесінде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы  жарлығына сәйкес № 285 төтенше жағдайдың қолданысы кезеңінде енгізілген мынадай уақытша шектеулер бекітілген:

-    ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуін шектеу;

- адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұру;

ҚР АК 375 бабы 1 тармағына сәйкес, егер жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың акт шығаруы нәтижесінде міндеттемені орындау толық немесе ішінара мүмкін болмаса, міндеттеме толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатылады. Нәтижесінде залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес оларды өтеуді талап етуге құқылы.

Осыған байланысты, ҚР төтенше жағдайды енгізу шеңберінде үй жайды жалға (сауда бутик, павильон, өзге де объект) беру төлемдері, қызметтерінің тоқтатылуына байланысты жалға берушілердің талаптары заңсыз. Заңның осы нормасының міндеттемелерін орындауға байланысты, оның ішінде шарттық қатынастар бойынша үзілуі, күшін жою, көшіру және басқа да іс-әрекеттер себебінен туындайтын өзге де жағдайларға қолданылады.

Сонымен бірге, Заңының 22-бабына сәйкес ҚР "төтенше жағдай туралы" жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін лауазымды адамдар, төтенше жағдай режимінің талаптарыны сәйкес жауап береді.

С.Ли