Кітапxанашы кітап оқуға шақырады

Кітапxанашы кітап оқуға шақырады
14.08.2018 Қоғам

11-12 тамыз күндері сағ 17.00 - 19.00 аралығында Қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай "Кітапxанашы кітап оқуға шақырады" атты ақпараттық-танымдық акциясын 12 мөлтек ауданындағы демалыс аллеясында, "KeruenCity" алаңында, Абай ат. даңғылда, 8 мөлтек ауданындағы Ғашықтар аллеясында қала тұрғындарына, оның ішінде балалардың демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында "Буккроссинг" кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге 320-дан астам кітап, оның ішінде балаларға арналған 70-ке жуық басылым және 200-ден астам мерзімді басылымдар (газет-журналдар) ұсынылды. Қала тұрғындары мен балалар 280-ге жуық кітаптарға қызығушылық танытып, үйге оқуға алды. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары қалалық кітапxаналар ұжымы әр сенбі-жексенбі күндері Сіздерді асыға қуанышпен күтеді. Қатысқандар саны 200-ге жуық.