Қала әкімі спортшыларды марапаттады

Қала әкімі спортшыларды марапаттады
16.08.2019 Мәдениет және спорт

Бүгін, қалалық әкімдік ғимаратында Ақтөбе қаласының әкімі М. Е. Абдуллинің спортшылармен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес, тамызайының үшінші жексенбісі Қазақстанда Спорт күні ретінде аталып өтіледі.

Қала әкімі Мавр Ерғалиұлы барлық спортшыларды,  жаттықтырушыларды және қала тұрғындарын келе жатқан Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтады.Сонымен қатар, Мавр Ерғалиұлы бүкіл ғұмырларын спортқа арнаған спорт ардагерлеріне, дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлес қосқан, еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген спортшыларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар Мавр Ерғалиұлы бүкіл ғұмырын спортқа арнаған спорт ардагерлеріне, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлес қосқан еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген спортшыларға алғысын білдірді.