Қала басшысы Ілияс Испанов Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағындағы «Құтқарушылар саябағының» салтанатты ашылуына қатысты

Қала басшысы Ілияс Испанов Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағындағы «Құтқарушылар саябағының» салтанатты ашылуына қатысты
25.07.2018 Қоғам

Қала басшысы Ілияс Испанов Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағындағы «Құтқарушылар саябағының» салтанатты ашылуына қатысты. Саябақтың құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Бүгінде барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, саябақ қазіргі кездің өзінде қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды. 

Бұл жаңа әрі жайлы саябақта қаламыздың кішкентай тұрғындары арнайы жасақталған ойын алаңында уақытын өткізсе, одан үлкен балалар үшін «Work out» спорттық жаттығу орны бар, ересектерге жайлы орындықтар орнатылған. Ең бастысы, қала тұрғындары үшін саябақ тек демалыс орны ғана емес, балалар мен жасөспірімдер үшін ерлік сабақтары, құтқарушы мамандығын кеңінен насихаттауға арналған шаралар, сонымен бірге, халықты төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрететін және оқытатын сабақтар өтетін кең алаңға айналып отыр.