Ақтөбедегі күй кеші Бақыт Басығараевтың шығармашылығына арналды
27.02.2019 Мәдениет және спорт

2019 жылғы 27 ақпанда Қалалық мәдениет Үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, аясында «Күй – тәңірдің күмбірі»  атты Бақыт Басығараевтың 93 жылдығына арналған мәдени шара өткізілді.

Мақсаты –күйшінің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру, өнерлі болуға, жан-жақты болуға үйрету, ұлттық дәстүрлі өнерімізді дәріптеу.

Құтты мекенімізден шыққан тума таланттарының көрнектісі, Қазанғап мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізушілердің бірі, шебер күйші Бақыт Басығараевтың туғанына биыл 93 жыл толады. Бұл тұлға өз ұлтын құрметтейтін, өнерін бағалайтын әрбір адамды бейжай қалдырмайды. Жас ұрпаққа ой қозғайды. Тарихымыздағы осындай тұлғалардың өнер қолтаңбасы  ұрпаққа мұра.  Осындай аға өнерін жүрегінде сақтап, биіктен көрініп жүрген жас танымал күйші Асылбек Кенегесовтің лекция-концерті өтті. Өнер ғылым емес, ол ұлттық мағыналы болғанда ғана қуатты болмақ. Шарада  ағаның орындаған күйлері мен еңбектері баяндала отырып, жалпы күй өнерінің  маңызы жан - жақты айтылып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен рухани байлық сыйлары сөзсіз.