Ақтөбеде жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді

Ақтөбеде жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді
22.06.2019 Мәдениет және спорт

23-маусым - Қазақстан полициясы күніне  орай Ақтөбе қалалық  жастар  ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен   облыстық полиция  департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы жəне облыстық  Жастар  ресурстық  орталығының  қолдауымен жастар арасында "Ақтөбе  облысы полиция департаменті бастығының кубогы" үшін шағын футболдан турнир өткізілді. Шараның  мақсаты- жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды  əрекеттердің болмауының алдын алу. Турнирге облыстық  Жастар  ресурстық  орталығының, Ақтөбе Заң институты жəне Қобда, Қарғалы, Шалқар, Хромтау аудандары жастарынан құрылған командалар қатысты.

Нәтижесінде:

I -орынды "Шалқар ауданы" командасы;

II -орынды Ақтөбе Заң институтының  құрама командасы;

III- орынды Қобда ауданының командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар, турнирде үздік ойын көрсете білген жастар "Үздік қорғаушы", "Үздік қақпашы", "Үздік ойыншы" номинациялар бойынша жастар Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы  сыйлықтар алды.