Ақтөбеде Спорт күнін атап өтті

Ақтөбеде Спорт күнін атап өтті
18.08.2019 Мәдениет және спорт

Үстіміздегі жылдың 18-тамызында Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай №6 «Дельфин» Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде салтанатты шара өтті. Салтанатты шара қала әкімі Мавр Ерғалиұлының құттықтау сөзімен басталды.

Қала әкімі Мавр Ерғалиұлы барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, спортты сүйетін Ақтөбе қаласының тұрғындарын, кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Спорт күнімен құттықтады.

Қала әкімі салтанатты шарада спорт ардагерлеріне, жаттықтырушыларға, Ақтөбе қаласының дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген спортшыларға айрықша алғысын білдірді, сонымен қатар «Дельфин» бассейнінің ұжымына шығармашылық табыс тіледі.