Ақтөбеде мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен  салтанатты түрде гүл шоқтарын қою шарасы өтті
15.06.2018 Қоғам

Бүгін Ұлы Отан соғысының батыры Ә.Молдағұлова ескерткіші, «Мәңгілік От» мемориалы Ақтөбе қаласы бойынша 2017-2018 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері салтанатты түрде гүл шоқтарын қою шарасы өтті.

Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның мақсаты: жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділікті дамыту және өз отбасын ардақтайты, елін, жерін  сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Түлектерге арналған іс-шараның қонақтары: Педагогика  еңбегінің ардагерлері, қаланың құрметті тұрғындары, түлектердің ата-аналары, қорғаншылық кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, жастардың, қамқоршы кәсіпорындардың өкілдері мен демеушілері, меценаттары.

Жиналғандардың алдына кіші жастағы мектеп оқушылары  Жас түлектерді  айтулы мерекелерімен құттықтап, өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлер мен ата-аналар құттықтау сөздерін арнап, ақ жол тіледі.

Өтетін орны: Ұлы Отан соғысының батыры Ә.Молдағұлова ескерткіші, «Мәңгілік От» мемориалы, «Қуғын- сүргін құрбандарын еске алу» монументі.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі
15 маусым 2018 жыл