Ақтөбеде күзгі сенбіліктер жалғасуда

Ақтөбеде күзгі сенбіліктер жалғасуда
20.10.2018 Қоғам

Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 5957 қаулысымен қаланы көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру іс-шараларын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. 

Жоғарыда аталған жұмыстарды өткізу барысында қала мен ауылдық округтерде 4 сенбілік(29-қыркүйек пен 6-қазан, 13-қазан, 20 қазан) өткізіліп, барлығы 25 598 адам қатысты, 275 арнаулы техника жұмылдырылып, акция басталғалы бері қала тұрғындарынан қалалық қоқыс полигонына 3308 тонна қоқыс тегін қабылданды. 

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.