Ақтөбеде қаланың 150 жылдық мерейтойына орай "CNPC-AMG Aqtobe Half Marathon" атты жыл сайынғы ауқымды қайырымдылық марафоны өткізілді

Ақтөбеде қаланың 150 жылдық мерейтойына орай "CNPC-AMG Aqtobe Half Marathon" атты жыл сайынғы ауқымды қайырымдылық марафоны өткізілді
08.06.2019 Мәдениет және спорт

2019 жылғы 8 маусымда «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында  «ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШІН ЖҮГІР» ұранымен марафон өтті. Жүгіру старты сағат 07.00-де басталды. Қатысушылар саны - 1180.

Ақтөбеде жыл сайын өткізілетін «CNPC–Aqtobe HalFMarathon» қайырымдылық марафонына қатысу спортшылар, тұрғындар үшін дәстүрге айналды. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын іс-шараның мақсаты – жүгіруді дәріптеу, мүмкіндігінше адамдарды спортқа көбірек тарту, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсету. Бесінші рет өткен «CNPC-AMG Aqtobe HalFMarathon» жартылай марафоны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  

Жарыс бағдарламасында:

Жартылай марафон 21 км; (18-35 жас , 36-49 жас, 50 жас және одан жоғары)

10 км қашықтық; (15-17 жас; 18-35 жас, 36-49 жас, 50 жас және одан жоғары)

5 км қашықтық; (15 жас және одан жоғары.) бойынша сынға түсті.

Ұйымдастырушылар: «АРДА «РАСтемка» қоғамдық бірлестігі және «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі.   Жалпы сыйлық қоры 2 млн. астам теңгені құрады. Бас демеуші - «CNPC Ақтөбемұнайгаз» АҚ.