Ақтөбеде «Қала күні» мерекесі басталды

Ақтөбеде «Қала күні» мерекесі басталды
27.05.2019 Мәдениет және спорт

27 мамырда «Өнер орталығында» «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай қазақ эстрадасының жұлдыздары –Венера Алпысбаева, Есет Сәдуақасов, Жадыра Арыстанова, Мирас-Құралай Бекжановтар, Есенгелді Рзин, Асхат Тарғыновтардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. 

Мерекелік концерт соңында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов әншілерді «Ақтөбе қаласына – 150 жыл» арнайы төсбелгісімен марапаттады.