
Дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалар ерекше қамқорлыққа мұқтаж. Бүгін, 2019 жылғы 18-қарашада «№19 орта мектебі» КММ-де «Дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін оқушылардың» тасымалдануы үшін автобус бөлінді.
Бұл іс-шараны «Халықаралық ғылымдар, экология, инженерия және педагогика академиясы» қоғамдық қорының төрағасы Т.М.Туремуратов ұйымдастырды. Айта кету керек, биылғы Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында ол №19-орта мектептегі дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін оқушыларды тасымалдау үшін алынған автобустың сертификатын тапсырған болатын.
Бүгінгі шараға Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ж.Шалабаева, мектеп директоры Р.Аманбаева және оқушылардың ата-аналары қатысып, ерекше ілтипаттарын білдірді.