Ақтөбеде бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде бос орындар жәрмеңкесі өтті
23.08.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін, 23 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябағында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.
Жәрмеңке қатысушыларына Бағдарлама аясында шағыннесие және грант алу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту, жоғары, арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша  еңбек  өтілін  жинақтау  мақсатында  жастар тәжірибесі, аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің, бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуіне байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіп, 207  адамға кеңес берілді.

Сонымен қатар, қолданбалы-сәндік қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің шеберлегін көрсетіп, халыққа ұсынылып, сатылды.

Бос  жұмыс  орындар  жәрмеңкесіне 55 мекеме білім, құрылыс, мұнай саласы, сауда денсаулық сақтау және қызмет көрсету салалары бойынша 428  жұмыс орны ұсынылды.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында  ағымдағы жылы  11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Жыл басынан 7 кезекті және 3 мамандандырылған  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, нәтижесінде 605 адам жұмысқа  орналастырылды.

Қазіргі уақытта, порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1243 бос жұмыс орындары   мен 1839 түйіндемелер орналастырылған.