Ақтөбеде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы семинар өткізілді

Ақтөбеде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы семинар өткізілді
19.09.2019 Жалпы

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кенесінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Ақтөбе қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының өкілдері А.Есқали және А.Өтемісовтің қатысуымен ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заң талаптарын қатаң сақтау жөнінде семинар өткізілді. Семинарға Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Семинар барысында қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Шалбаева Баян Лесбекқызы баяндама жасады.

Семинар соңында қала әкімі аппаратының басшысы Н.Тұрғамбеков қалалық әкімдік қызметшілеріне жұмыс кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын, сонымен қатар ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заң талаптарын қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды.