Ақтөбеде автошеру басталды

Ақтөбеде автошеру басталды
24.08.2019 Жалпы

2019 жылғы 24-тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған Автошеру басталды. Автошеру халықтың қозғалыс белсенділігі төмен топтарына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестіктің шеңберінде тегін көлік қызметтерін көрсететін арнаулы автокөлік құралдарын көпшілікке таныту мақсатында өткізіліп отыр.

Ұйымдастырушылар:
Ақтөбе облысының ішкі саясат Басқармасының әлеуметтік тапсырысының шеңберінде «Сал ауруларына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» ҚБ және «Қамқоршылық-Забота» ҚҚ қолдауымен.

Қатысушылар саны: 80 адам және «Ақтөбеге арнау» Автошеруіне тірек-қимыл аппараты зақымдалған мүгедектерге тегін көлік қызметін көрсетуші 40 автокөлік. Оның 20-сы Ақтөбе қаласы мен облысының «Инватакси» қызметі, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, оңалту-сауықтыру орталықтарының, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің және меншіктің барлық формаларындағы басқа да оңалту-сауықтыру орталықтарының қарамағындағы өзге де арнаулы автокөліктер болса, қалған автомашиналар қолмен басқарылатын мүгедектердің және есту қабілетінде ақаулықтары бар жүргізушілердің көліктері.

Инватакси қызметі 2005 жылдан басталып тұрақты жүзеге асып келеді. Бұның арқасында қаламыздың ерекше қажеттіліктері бар азаматтары белсенді өмір сүріп жатыр. Мыңнан астам  адамдар оқуға, жұмысқа, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысып келеді. 

Бүгінгі автошеруге осы қызметтің нәтижесін демонстрациялау мақсатында Ақтөбе облысы бойынша инватакси қызметіндегі 20 автокөлік жиналып тұр. Бұл салтанатты автошеруге қатысушы автомашиналар жергілікті белсенді азаматтардың және үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен қолға алынып отыр. 

Инватакси қызметі Ақтөбе қаласы, Шалқар, Темір, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк аудандарында жүйелі жолға қойылған. 

Автошерудің басты мақсаты "Инватакси" қызметіне қоғам назарын аудару және мүгедектерге тегін қызмет көрсететін арнайы автокөліктер паркін құру. 

Автошеру әлеуметтік-маңызды акция болып табылады және ол:

- мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын арттыруға;

- қоғам назарын мүгедектігі бар балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің шеңберін кеңейтуге;

- жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптауға;

- қоғам назарын халықтың қозғалыс белсенділігі төмен топтарының белсенділігін арттыруға 
және олардың назарын арнаулы автокөліктерге деген қажеттіліктеріне аудартуға;

- өзінің шағын Отанына деген патриоттық сезімдерін көрсетуге;

- «Инватакси» қызметінің еңбеккерлерін көп жылдық қауіпсіз жұмыстары үшін мадақтауға;

- «Ақтөбе облысындағы «Инватакси» қызметінің көлік желісін дамытуға  жағдай жасауы тиіс