Ақтөбеде «Altyn Kúz» күзгі жүгірісі өтті

Ақтөбеде «Altyn Kúz» күзгі жүгірісі өтті
29.09.2019 Мәдениет және спорт

 Жексенбі күні, 29 қыркүйекте Ақтөбе қаласында жыл сайынғы дәстүрлі бұқаралық жүгіріс болды. Жарысқа 1200 адам қатысты. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Ресей, Үндістан елдерінен келген желаяқтар да жүгіруге ниет білдірді.   Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин жиналған спортшыларға сәттілік тілеп, сағат 8-30-да жүгірісті бастауға белгі берді.  

«Мәдени-бұқаралық спорт шараларын қолдап келетін ақтөбеліктер санының артқаны қуантады. Әрине, бұл жарыста ең мықтылар жеңімпаз атанады. Ал өз күшін алғаш рет сынап көретіндерге сәттілік тілеймін», - деді қала басшысы Мавр Абдуллин.   Жарыс нәтижесінде 5 және 10 шақырымға жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің қолынан мақтау қағаздар, медальдар мен қаржылай сертификаттар алды. 

«Құрметті достар, жыл бойы жақсы себептермен осы трибунаның үстінде бірнеше рет кездескенбіз. «СНПС – Ақтөбе марафон», «Ekiden», «Дуатлон» және «Триатлон – Ақтөбе» спорт шаралары өткен болатын. Күзгі жарыс – бұл биылғы жүгіру маусымының сәтті аяқталуы деп есептеймін», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.  

10 шақырым қашықтыққа жүгірген әйелдер арасында Дарина Москаленко (Ақтөбе облысының Триатлон федерациясы), ерлер арасында Александр Шелест (Ақтөбе облысының Триатлон федерациясы) абсолютті чемпион атанып, 150 мың теңгеден алды.  Абсолютным победителем на дистанции 10 км среди девушек стала Дарина Москаленко (Федерация триатлона Актюбинской области), среди мужчин – Александр Шелест (Федерация триатлона Актюбинской области).    Айта кетейік, бұл спорттық шараны Ақтөбе қалалық әкімдігі, спорт және дене шынықтыру бөлімі «Center Group» компаниясының қаржылай қолдауымен ұйымдастарды.