Ақтөбе өз чемпионын қарсы алды

Ақтөбе өз чемпионын қарсы алды
21.10.2019 Мәдениет және спорт

Бүгін қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева және облыстық спорт басқармасының басшылығы өз чемпиондық атағын сәтті қорғаған Сергей Морозовты әуежайдан қарсы алды.

М-1 аралас жекпе-жек бойынша елордада жарыс өткен болатын. Сондағы ең басты кездесу ақтөбелік Сергей Морозов пен америкалық Джош Реттингхаус арасында болды. Морозов ең жеңіл салмақтағы М-1 чемпиондық белбеуін жүлдеге тікті. Күрес нәтижесінде төрешілер жеңіс Сергей Морозвқа тиесілі деп бірауыздан шешті. Осылайша, ақтөбелік жерлесіміз өз атағын сәтті қорғап, өз салмақ дәрежесінде чемпион болып қалды.

Бұл Сергей Морозовтың 16-шы жеңісі, ал Джош Реттингхаус осымен бесінші рет жеңілді.