Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің өкімімен  «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып меритократия принципі бойынша НҰРАШЕВ БЕКБОЛАТ ЖОЛДЫҒАЛИҰЛЫ тағайындалды
16.03.2020 Көлік

Б.Ж.НҰРАШЕВ 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін автомобильдер және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтаған.

«Ақтөбе қаласының көркейту және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі секторының бас маманы, сектор меңгерушісі, Ақтөбе  қаласы әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, өндірістік сала бөлімінің басшысы, «Ақтөбе  қаласы әкімінің аппараты» ММ «109 қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.