Ақтөбе қаласының әкімі Ауған соғысы ардагерлерін қабылдады

Ақтөбе қаласының әкімі Ауған соғысы ардагерлерін қабылдады
09.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Сәрсенбі, 9 қазан күні қала әкімі Мавр Абдуллин қалалық әкімдік ғимаратында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Жеке мәселелерімен келген олар шаһар басшысына өз өтініштерін жеткізді.   Ардагерлердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдаған қала әкімі мәселенің мән-жайын түсіндіріп, орынбасарларына мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.