"Ақтөбе қаласының әкімдігі Құрбан айт күндері қаламыздағы құрбандық шалатын орындарды назарларыңызға ұсынады.

"Ақтөбе қаласының әкімдігі Құрбан айт күндері қаламыздағы құрбандық шалатын орындарды назарларыңызға ұсынады.
15.08.2018 Қоғам

Ақтөбе қаласының әкімдігі Құрбан айт күндері қаламыздағы құрбандық шалатын орындарды назарларыңызға ұсынады. Ақтөбе қаласындағы мешіттер маңында құрбандық шалынбайтындығын ескертеміз. 21 тамыз таңғы сағат 07:30-дан бастап 23 тамыз күні ақшам намазына дейін осы көрсетілген орындарда құрбандықтарыңызды шалуға шақырамыз! Айт намазы 21 тамыз күні Ақтөбе облысындағы мешіттерде 07:00-де оқылады. Құрбан айт намазынан бұрын шалмауларыңызды сұраймыз. Өйткені, айт намазына дейін шалынған мал құрбандық болып есептелмейтіндігін хабарлаймыз. Биыл құрбан айт 21-23 тамыз аралығында тойланады.

Мал сою орындары:

1. «Тандем» ЖШС – Қобда тас жолының бойы, қаланың оңтүстік-батыс ауданы (тек қана ірі қара мал үшін);

2.«Кіші құм» шаруашылық қожалығы – Мағаджан шаруа қожалығы;

3.«Айбек» АТК – 41 разьезд;

4.«Есік» ет комбинаты – мал базары;

5.»Касымов и К» ЖК — Жаңақоныс ауылы.