Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай жүгіру марафоны өткізілді
27.04.2019 Мәдениет және спорт

2019 жылғы 27-сәуірде №8 орта мектебінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен 150 шақырым жолды жүгіру марафоны өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен марафон «Дені сау ұрпақ - ел болашағы»  - денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі,  жас ұрпақты соған тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылды.  Қала мектептерінің 10-класс оқушыларынан құралған қатысушылар қалалық әкімдік ғимаратынан бастап келесі мектепке дейінгі қашықтықта жүгіру марафонын жалғастырды.