Ядролық қарусыз әлемге игі қадам

Ядролық қарусыз әлемге игі қадам
24.08.2019 Жалпы

2019 жылғы 24-тамызда Ақтөбе қалалық Мәдениет Үйі  ғимаратында   29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылуы күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Оған Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлер мен мүгедектер, «Халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысында ядролық полигоннан зардап шеккен 548 мүгедек бар. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ҚР заңнамасына сәйкес тиісті қолдау көрсетілуде.

Шара барысында Семей полигонының бірқатар ардагерлері мен мүгедектеріне облыс және қала әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сонымен қатар, Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлер мен мүгедектеріне «Рауан» мейрамханасында ас берілді. Түстен кейін Интеллектуалдық спорт түрлерінің облыстық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі  ғимаратында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы күніне орай, балалар мен ересектер арасында шахматтан, дойбыдан және тоғызқұмалақ ойындарынан турнир өткізілді.