8 маусымда марафон өтеді

8 маусымда марафон өтеді
06.06.2019 Мәдениет және спорт

Ақтөбеде жыл сайын өткізілетін «CNPC–Aqtobe HalFMarathon» қайырымдылық марафонына қатысу дәстүрге айналды. Іс-шара мақсаты –жүгіруді дәріптеу, мүмкіндігінше адамдарды спортқа көбірек тарту, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсету. Бесінші рет өтейін деп тұрған «CNPC-AMG Aqtobe HalFMarathon» жартылай марафоны 8 маусым күні «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында «ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШІН ЖҮГІР» ұранымен өтеді. Жүгіру старты сағат 07.00-де.

Жарыс бағдарламасында:

Жартылай марафон 21 км; (18-35 жас , 36-49 жас, 50 жас және одан жоғары)

10 км қашықтық; (15-17 жас; 18-35 жас, 36-49 жас, 50 жас және одан жоғары)

5 км қашықтық; (15 жас және одан жоғары.)

«CNPC - Aqtobe HalFMarathon» жарысына тіркелу http://aqtobemarathon.kz/ сайты бойынша жүреді. 

Бастапқы төлем:

Жартылай марафон 21 км – 3000 тенге;

10 км қашықтық – 2000 тенге;

5 км қашықтық - 2000 тенге;

Ұйымдастырушылар: «АРДА «РАСтемка» қоғамдық бірлестігі және «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі.  

Жалпы сыйлық қоры 2 млн.астам теңгені құрайды.

Бас демеуші - «CNPC Ақтөбемұнайгаз» АҚ.