3 ЖЕЛТОҚСАНДА ЖАҢАҚОНЫС-2 ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫНА ГАЗ БЕРІЛЕДІ

3 ЖЕЛТОҚСАНДА ЖАҢАҚОНЫС-2 ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫНА ГАЗ БЕРІЛЕДІ
30.11.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін шаһар басшысы Мавр Абдуллин Жаңақоныс-2 тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, 3 желтоқсанда Газ қызметкерлерінің қолданыстағы желілерге газ құбырын қосатынын айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жаңақоныс-2 тұрғындарымен Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бірнеше рет кездесті. Тұрғын үй алабында 200-ге жуық үй салынған, солардың иелері аумақта газдандыру мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрады.

Жоспарға сәйкес, газ тарту жұмыстары келесі жылдың сәуір айында аяқталуы тиіс еді. Алайда Ақтөбе қаласының әкімдігі тұрғындардың өтінішін ескеріп, мердігер ұйымға газдандыру жұмысын жеделдетуді ұсынды. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және төтенше жағдайдың алдын алу үшін техникалық талаптар сақталу керек. Сондықтан газ құбырын тарту жұмыстары күздің соңына дейін созылды. 

Қала басшысы газдандырудың уақыты жайлы түсініктеме беріп, 3 желтоқсанда Жанақоныс-2 елдімекенін көгілдір отынға қосу үшін көршілес мекендерде газдың уақытша өшірілетінін жеткізді. 

"Күн сайын біз жиын өткізіп, мамандар газдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндап отыратын. Сондағы алдыға қойған мақсат – желтоқсан мерекелеріне дейін тұрғындар үйіне газ кіргізу. Сол себепті мердігер компания жұмысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысты», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин. 

Тұрғындар көмек көрсеткендері үшін шаһар басшысына және әкімдік өкілдеріне алғыстарын айтты.