Көрме
Басталу күні
25-11-2016 14:00
Аяқталу күні
09-12-2016 17:00

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ және «Облыстық Қазақ саңыраулар қоғамы» 25 қараша күні сағ.15.00 - де Ақтөбе облыстық өнер музейінде (Әбілхайыр хан даңғылы, бұрынғы АХАЖ ғимараты) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қалалық «Тыныштық әлеміндегі көңіл шығармашылығы» атты сәндік-қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері жұмысынан көрме байқаудың ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімін өткізді.
Байқаудың мақсаты:

  • жаңа талант иелерін анықтау, мүгедек жандардың шеберлігін жетілдіру мен қатысушылардың еркіндігі мен еңбек сүйгіштігін арттыру;
  • мүмкіндігі шектеулі жандарға мәдени және рухани қолдау таныту;
  • қоғамдағы есту қабілеті шектеулі жандарға қатысты мәселелерге назар аудартып оны шешу жолдарын кеңейту;
  • мүгедектердің әр түрлі мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі құқықтарын қалыптастыру.

Көрме байқауына 20 жас және одан жоғары жас аралығындағы Қазақ саңыраулар қоғамының мүшелері және Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары жоғары белсенділікпен қатысты.
Қолөнер туындыларының қатарында сәндік-қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері жұмыстарының, қағаздан жасалған, тігу-пішу, тоқу, шытыра-моншақпен тоқу жұмысы, ағаштан жасалған бұйымдар, кескіндеме және жазу таңбалары, саздан, теріден жасалған бұйымдар, құрақ көрпелер тіптен қылқалам шеберлерінің де салған суреттері бар.

Жүлделі орындар:
«Сәндік-қолданбалы қолөнер» номинациясы бойынша 10-20 жас аралығында

III орынға ие болған:

1. Нұрғалиева Құндыз (туындысы: «Очаровательная балерина»)

II орынға ие болғандар:

1. Уәйісова Гүлден (туындысы: «Гүлзар»)
2. Когисова Аружан (туындысы: «Тотықұс»)

I орынға ие болғандар:

1. Топтық жұмыс «Туған өлкем - Қазақстан»
Жаеқбаев Нұржан
Есенғосұлы Мұхтар
Жәрдемғали Есен
Мирамғали Нәби

2. Тұрсынбаев Есен (туындысы: «Долана»)

БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болған:
Бөкеев Нұрмұхан (туындысы: «Саяжайдағы үй»).

«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 10-20 жас аралығында

III орынға ие болған:

1. Малайдар Бексұлтан (туындысы: «Тәуелсіздік белестері»)
2. Жұмашев Нұрболат (туындысы: «Елім менің»)

II орынға ие болған:

1. Нұрпейісов Ерлан (туындысы: «Елім менің Қазақстаным»).

I орынға ие болған:

1. Қанкелді Жұлдызай (туындысы: «Менің Қазақстаным»).

«Сәндік-қолданбалы қолөнер» номинациясы бойынша 20 жастан жоғары жас аралығында

III орынға ие болған:

1. Жалғас Жанат (туындысы: «Музыкалық нота» және пакеттен жасалған ұлттық көйлек).
Ақшалай сыйлық – 5000тг.
2. Мангитбаева Айсұлу (туындысы: пішу-тігу)
Ақшалай сыйлық – 5000тг.

II орынға ие болған:

1. Тлеуова Алтын (туындысы: пішу-тігу)
Ақшалай сыйлық – 7000тг.
2. Нуржанов Жайық (туындысы: «Менің Қазақстаным» суретінің пішіні)
Ақшалай сыйлық – 7000тг.

I орынға ие болған:

1. Айжарыкова Гульмира (туындысы: пішу-тігу)
Ақшалай сыйлық – 10000тг.
2. Кучер Виктория (туындысы: бисермен тоқу)
Ақшалай сыйлық – 10000тг.

БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болған:
Абиева Мадина (түрлі материалдардан қолдан жасалған бұйым).
Ақшалай сыйлық – 15000тг.

Қолөнер көрмесі желтоқсан айының 9 жұлдызына дейін жалғасады.
Сіздерді есту қабілеті шектеулі жандардың қолөнер шеберлерін тамашалауға шақырамыз!
Келіңіздер! Мүмкіндігі шектеулі жандардың өнеріне қолдау көрсетіңіздер!

12466