
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілін жаңадан үйренуге ниеттенген жасы 18-25 жас аралығындағы жастар үшін тегін 2 айлық курсына құжаттар қабылдау жүргізіліетінін хабарлайды.
Курс барысында әліпбиден бастап ауызекі еркін сөйлеуге дейін үйретіледі. Аптасына бір рет екі сағаттан Ақтөбе қаласындағы жоғарғы оқу орындарында 3-4 курста білім алып жатқан студенттері дәріс беретін болады. Бұл «Үш тұғырлы тіл — заман талабы» атты үш айлық ағылшын курсының тегін оқыту кезеңінің екінші науқаны. Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жүзден астам студент пен оқушы курстан өтіп, сертификат тапсырылды.
Курсқа құжаттар 20-қазанға дейін қабылданады, керекті құжаттар: жеке куәліктің көшірмесі, оқу орнынан анықтама, мекенжайымыз: Т.Ахтанов көшесі, 50-53 кабинеттерге келіп тіркелуі керек.
Байланыс нөміріміз: 87132 44 57 52.