г. Актобе, ул. Ахтанова 50 каб. 31 Жәрмеңке
Басталу күні
23-12-2016 10:00
Аяқталу күні
23-12-2016 18:00

Ақтөбе қалалық әкімдігі 2016 жылы 23 желтоқсанда 11 - 00 сағатта Ақтөбе қаласы, Ахтанов көшесі, 50, 31- кабинет мекен-жайында өнеркәсіптік – азаматтық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді


Байкауда жалға беру үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

р/с Сауданы өткізу тәсілі мен әдісі Құқықтан айыру түрі Жер учаскесінің алаңы (га)

Нысаналы

Мақсаты

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Бастапқы құны, теңге Кепілдік жарна соны
1. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 3 Ет-сүйек ұнын өндеу цехын орналастыру және қызмет көрсету үшін Жана Әлжан элеватор ауданы 2 316 600 115 830
2. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 3 типермаркетті орнластыру және қызмет көрсету үшін Қарғалы ауылдық округі, Қарғалы ауылы, Қарғалы тұрғын алабы 2 316 600 115 830
3. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 1 ғимарат орналастыру және қызмет көрсету үшін 41 разъезд 368 100 18 405
4. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 0,68 Бала-бақшаны орналастыру және қызмет көрсету үшін Қарғалы ауылдық округі, Елек ауылы 179 520 8 976
5. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 0,1 дүкен орналастыру және қызмет көрсету үшін Қарғалы ауылдық округі, Елек ауылы 26 400 1 320
6. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 1 Логистиқалық орталықты орналастыру және қызмет көрсету үшін Сазды с/о, Сазды ауылы 363 000 18 150
7. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 0,15 шаштаразды орналастыру және қызмет көрсету үшін Сазды с/о, Сазды ауылы 54 450 2 722
8. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 0,03 дүкен орналастыру және қызмет көрсету үшін Кірпіш ауылы 27027 1 351
9. Аукцион (ағылшындық әдіс) 3 жыл жалдау құқығын алу 0,004 Көкөніс павильонын орналастыру және қызмет көрсету үшін Благодар ауылдық округі, К.Нокин ауылы 1452 73

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Ақтөбе қалалық Жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;
заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжаттыұсыну қажет.
Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2, 2 қабат, 50 кабинет анықтама үшін телефон: 8 (7132) 21-25-56