Ақтөбеде мерекелік жаңа жылдық шаралар басталды

Мереке
Басталу күні
21-12-2016 09:00
Аяқталу күні
01-01-2017 19:00

Әшекейлі жаңа жылдық шыршалар біздің қаламызды безендірді, ал Ақтөбеде және ауылдық округтерде Жаңа 2017 жылды қарсы алуға арналған шаралар басталды.

Ақтөбенің мәдениет мекемелерінде, оқу орындарында, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарында, кәсіпорындар мен ұйымдарда алдағы күндері көптеген балалардың жаңажылдық шыршалары өтеді. Қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік маңызды шаралар жоспарланған. Сонымен қатар, 60-тан астам мұз айдындары құйылды.
Қаланың басты шарасы 31 желтоқсанда жаңажыл түнінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта мерекелік отшашумен өтеді. Биылғы жылы саябақта мұз айдыны ашылды, онда жалға коньки беріледі, ыстық тамақ ұйымдастырылған, биік жалау маңына да мұз айдыны құйылды. Мұнда кішкентай ақтөбеліктерді қуанту үшін қардан екі сырғанақ жасалды. Ал саябақ аумағында атқа жегілген нағыз шаналармен серуендеуге болады.
Сіздер іс-шаралар жоспарымен осы жерде таныса аласыздар.