Ақтөбеде ЭКСПО-2017-ге арналған іс-шаралар өтеді

Мереке
Басталу күні
01-02-2017 18:09
Аяқталу күні
28-02-2017 19:09
В Актобе пройдут мероприятия, посвященные ЭКСПО- 2017

Ақтөбе қалалық әкімдігімен ЭКСПО – 2017 өткізуге арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Белгілі болғандай, ЭКСПО - 2017 көрмесі «Болашақ Энергиясы» ұранымен Астанада өтеді және баламалы энергия көздері – тақырыбын жарықтандырады. Алдағы көрме тақырыбын «EXPO 2017» логотипі бейнелейді. «Болашақ энергиясы» жобасының идеясында жақын болашақта энергияны пайдаланудың ең озық тәсілдерін қабылдау және енгізу қарастырылған, бұл тұрақты даму үшін қажетті шарты болып табылады.
«Болашақ энергиясының» мақсаты адамзаттың ажырамас мұрасы ретінде қуат ресурстарын жұртшылықтың жауапты және тиімді пайдалануы болып табылады.
Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтіп, 100-ге жуық қатысушы-елдерді және 10 халықаралық ұйымдарды қабылдайды. 2017 жылғы бүкіләлемдік арнайы көрмесінде қатысушы- елдермен жаңартылатын энергия көздерін қолдану саласындағы экологиялық тазалық, пайдалану құңының төмендігі және қоршаған орта үшін зиянсыздығы секілді артықшылықтары, жетістіктері мен перспективалары көрсетілетін болады.
Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановпен ЭКСПО-2017 өткізуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жақында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ж.Зиненің төрағалығымен жиналыс өткізіліп, ЭКСПО-2017 бойынша аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ , "Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ, " Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ, " Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ және "Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Қала тұрғындардың арасында шаңғы жарысы және жеңіл атлетикадан жартылай марафон сияқты спорттық іс-шаралардың өткізілуі күтілуде. Қаланың жалпы білім беретін мектептері арасында іс-шаралар жоспарланған: "Болашақ энергиясы", «Жасыл экономика», «ЭКСПО-ға неге барғым келеді?» тақырыптарында үш тілде шығарма байқауы; мектептен тыс мекемелер арасында ең үздік балалар сурет байқауы; «Мейірімділік энергия» тақырыбында балалар арасында асфальтта салынған ең үздік сурет сайысы. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан жас таланттарды ЭКСПО-2017 жіберу мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.
«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ сауда желілерінде «ЭКСПО-2017» билеттерінің ұтыс лотереясын өткізеді.
Қазірдің өзінде «Mega Aktobe» сауда ойын сауық орталығының 3 – 4 қабаттағы «MARWIN» дүкенінде билеттерді сату жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, әрбір "Қазпошта" бөлімшелерінде билет сатып алуға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, ЭКСПО – 2017 қосымша ресми кассаларын ашу жоспарлануда.
Ақтөбеліктер ЭКСПО – 2017 логотипімен ең үздік селфи байқауына қатыса алады, ол әлеуметтік желілерде кеңінен жарықтандырылады. Бірқатар флэшмобтардың өтуі күтілуде, соның біреуі 2017 - ті адамның қатысуыменөтеді.
«ЭКСПО – 2017-ге ұсынылған» жергілікті тауар өндірушілердің көрме - жәрмеңкесі, экологиялық акциялар және эко-жәрмеңке өткізіледі.
Халықаралық фестивальдар мен байқау-фестивальдар жүргізілетін болады. Қаланы тақырыптық безендіру және мамандандырылған ЭКСПО – 2017 бүкіләлемдік көрмесіне арналған шағын сәулеттік нысандарды орнату жоспарланған.
Барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.