Ақтөбеде 18 қарашада Франчайзингті дамыту жөніндегі Алғашқы қазақстандық аймақтық конференциясы өтеді

Мереке
Басталу күні
18-11-2016 08:30
Аяқталу күні
18-11-2016 17:00

Ағымдағы жылғы 18 қарашада «Атамекен» МОСК (пр. Санкибай-батыра данғылы 28/е) Франчайзингті дамыту жөніндегі Алғашқы қазақстандық аймақтық конференциясы өтеді.
Конференцияның бастауы уақыты сағ. 9.30.
Конференцияға Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, ресейлік франчайзинг қауымдастығының президенті Ю.Михайличенко, халықаралық франчайзинг агентігінің CAFLA президенті Б.Кисиков, осы саладағы бірқатар сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер қатысады.
Бүгінгі күні франчайзингтің дамуында Ақтөбе облысының потенциалы жоғары. Сонымен Ақтөбе қаласында келесідей дамыған франшиза желілері бар (Adidas, Reebok, Nike, Intertop, Mexx, United Colors of Benetton, Mango, LC Waikiki, New Yorker, World Class, Французский дом, Мон Ами, Бургер Кинг және басқалар).
Қазіргі уақыт талабын ескере келе, франчайзинг бизнес дамуының дағдарысқа қарсы сенімді құралы болып табылады. Алайда, көптеген іскер адамдарға дайын бизнесті алып кету үшін франчайзинг туралы ақпарат жетіспейді. Кәсіпкерлер осы модельдің артықшылығы мен кемшілігі, дайын бизнесті бірлесіп жүргізу және оның қандай салаларда қолдану мүмкіндігі туралы мағлұматтар аз.
Сонымен бірге, өңірімізде бізде жоқ әлемдік франшиза желілерін дамытудың мүмкіндігі зор. Соның ішінде, ірі өндіріс саласында (PepsiCo, Satis Co., и др), фаст-фуд индустриясы (Pizza Hut, Hardee’s, JollyBee, Red Dragon, BurgerCLUB и др), мейрамхана және кофейня саласы (Gloria Jean's Coffees, Иль Патио, ILGusto, и др), фитнес бағыты (Anytime Fitness, S&I Fitness, Fidelity, Crossfit Baza и др), білім беру (InterPress, Жас Кеменгер), ретейл (Zara, Mimioriki, Savage, ТВОЕ, Gulliver, Love Republic и др), ойын-сауық қызметі (мини-Студии Dance Heads, сети тайм-кафе «Некафе»), кәдесыйлар мен сыйлықтар (экспетро, Конфаэль, Gift Idea, Экспедиция и др), әсемдік және денсаулық саласының франшизалары (EYEKRAFT, Active Lady).
Сол себепті, Ақтөбе облысында франчайзингті дамытуды жандандыру үшін аталмыш Конференцияда кәсіпкерлер Қазақстанда франчайзингті қолдаудың нақты шараларымен таныстырылатын болады. Солардың ішінде, кәсіпкерлер назарына осы салада бизнесті жүргізудің құралдары, франшизаны сатып алу үшін несие алудың жолдары, Ақтөбе облысында франчайзинг дамуының келешегі жөнінде баяндалатын болады. Бұдан басқа, әлемдік тәжірибемен таныстыру үшін сәтті халықаралық франшизалар көрсетіледі.