8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған «Мистер Ақтөбе -2017» өңірлік байқауының ережесі

8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған «Мистер Ақтөбе -2017» өңірлік байқауының ережесі
«Ақтөбе Ажары» СҮ, 3 қабат – 301 бөлім Мереке
Басталу күні
23-02-2017 16:00
Аяқталу күні
23-02-2017 19:00

Ақтөбе қаласы Әкімдігінің қолдауымен, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, қалалық мәдениет Үйі мен «Мистер Қазақстан» ұлттық байқауының аймақтық өкілі «Podium» модельдік мектебі 8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған «Мистер Ақтөбе - 2017» өңірлік байқауын ұйымдастырады.

«Мистер Қазақстан» ұлттық байқауы- әдемілікпен ерлікті көрсететін кәсіби байқау. Бұл байқау Қазақстан атынан әлемдік және Халықаралық Топ 15 байқауларына,соның ішінде, «Мистер Вселенный» және «Мистер Мира» байқауларына қатысушыларды ұсынуға эксклюзивті және лицензияқұқықтарға ие байқау.

«Мистер Қазақстан» ұлттық байқауы елдің визиткалық карточкасы болып табылады.

Сондай – ақ, қатысушылар үшін, өздерінің өршіл жоспарларын іске асыру жолында кәсіби деңгейде шарықтау үшін үлкен мүмкіндік туғызып, іскерлік және саяси элитаның кездесу орнына айналады. Ал қазақстандықтар үшін жарқын және қызықты телевизиялық шоуға айналмақ.

Байқаудың негізгі мақсаты: «Мистер Қазақстан» Ұлттық байқауында өз өңіріміздің намысын қорғай алатын ер азаматтарды анықтау. Сондай – ақ, ар намысы жоғары, рухы биік ер азаматтардың абыройын арттыру болып табылады.

«Мистер Ақтөбе» - ашық байқауының кастингіне қатысуға барлық талаптарға сай келетін ер азаматтар өкілі қатыса алады.

Негізгі талаптар:

  • Жынысы: Ерлер
  • Жасы: 16 мен 25 жас аралығы
  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Бойы: 175 см және одан жоғары
  • Бет әлпеті: Модельді
  • Дене бітімі: Спорттық

«Мистер Ақтөбе 2017»аймақтық байқауында қатысушылар мынадай бірқатар сындардан өтеді:

  • Онлайн Кастинг
  • Қазылар алқасымен сұхбаттасу және әңгімелесу
  • Финалисттерді тыңдау «Талант шоу»
  • Финалисттердің классикалық костюм үлгісіндегі фотосессиясы

«Мистер Ақтөбе 2017» аймақтық конкурсының финалындафиналистеркелесідей кезеңдерден өтеді.

  • Визиткалық карточка «Қазақтың Ұлттық киімімен»
  • Флэшмоб– жалпы би нөмірі Спорттық үлгіде
  • Fashion Show сән үлгісі эксклюзивті киім
  • Таланттар сайысы Топ 5 үміткерлерді тыңдау
  • Классикалық костюм үлгісіндегі кешкі сән үлгісі
  • Интеллектуалды сұрақтар Топ 5 финалисттерге

Кастинг 23 ақпан күні, сағат 17.00 – 20.00 аралығында «Podium» модельдік мектебінде өтеді. Мекен жайы: «Ақтөбе Ажары» СҮ, 3 қабат – 301 бөлім.

Байқаудың бағалау шарттары:

  • Әртістік қабілеті;
  • Шығармашылық дарындылығы;
  • Сахна мәдениеті мен шеберлігі;

Қазылар алқасы қандай да жүлделі орынды бермеуге, бір жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

Байқау жеңімпаздарын марапттау:

Жеңімпаздар қала әкімінің атынан дипломмен және байқау демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Байқаудың Топ 3 жеңімпаздары Ақтөбе қаласының намысын қорғау үшін «Мистер Қазақстан» Ұлттық байқауына қатысуға жолдама алады.

Кастинге қатысу үшін өтініш 23 ақпанға дейін қалалық мәдениет үйінде қабылданады. Мекен жайымыз: Ш.Уалиханов 9 А

Байланыс телефон: 21-43-38, 21-77-20