31 желтоқсанда жаңа жылдық мерекеге шақырамыз!

Мереке
Басталу күні
31-12-2016 21:00
Аяқталу күні
01-01-2017 21:00

Құрметті ақтөбеліктер және Ақтөбе қаласының қонақтары, сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, бақыт, кәсіптеріңізге, шығармашылықтарыңызға, қоғамдық қызметтеріңізге табыстар тілейміз және жаңа жылдық түнге Тұңғыш Президент атындағы Саябақтағы мерекеге шақырамыз!
31 желтоқсан сағ.22.00 ден 1 қаңтар сағ. 02.00-ге дейін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Саябақта қаланың және облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелік шоу-бағдарламасы, жаңа жылдық түнгі дискотека, «Қош келдің Жаңа жылым!» жаңа жылдық шоу бағдарлма» театрландырылған қойылым өтеді және мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Сіздерді ғажайып жаңа жылдық түн, тосын сыйлар, әндер мен билер, байқаулар мен сыйлықтар күтеді.
Сонымен қатар, Сіздер саябақта Ту тұғырының артындағы қарлы төбешіктен, мұз айдыныңда шанамен сырғанап, ыстық шәй ішіп, «Қардан жасалған үздік мүсіндер» қалалық байқауы қатысушыларының қардан жасаған жұмыстарын бағалай аласыздар.
Сондай-ақ, 31 желтоқсан сағ.21.00 ден 24.00-ге дейін Қарғалы ауылдық округінің әкімдігі Қарғалы ауылының тұрғындарын және қонақтарын «Жеңіс» саябағында өтетін Жаңа 2017 жылды қарсы алуға арналған мерекелік халықтық қыдыруларға шақырады. Сіздерді ауқымды және қызықты концерттік бағдарлама, құттықтаулар, жарқыраған шыршаның айналасында билер күтеді және саябақта кафе жұмыс жасайды.