Жәрмеңке
Басталу күні
30-12-2016 08:00
Аяқталу күні
30-12-2016 18:00

Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанда «Табыс» коммуналдық базарында қорытынды ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде 25 астам жергілікті тауар өндірушілер, селолық округтердің шаруа қожалықтары қатысады, солардың ішінде мынадай ірі компаниялар: «Рамазан» ЖШС, «Анди» ЖШС, «Айс» ЖШС, , «Группа компаний «Рокос» ЖШС , «Жазык Групп» ЖШС, сондай-ақ облыстың басқада аудандары.
Жәрмеңкенің басты артықшылығы өткен жәрмеңкелердегідей қол жетімді баға болып табылады. Өйткені, өндірушілер мен жеткізушілердің өз өнімдерін тікелей сатуларына мүмкіндіктері бар.
Жәрмеңке қатысушылары әрбір тұтынушы мен қала қонағына промо-акциясын өткізетін болады.
Барлық өнімдер қаланың басқа базарларына қарағанда 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.
Сонымен бірге, осындай жәрмеңкелердің ұйымдастырылуы қала тұрғындарымен өзіміздің өндірушілер мен шаруа қожалықтарынан тікелей ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға мүмкіндігін береді, бұл өз кезегінде өндірушінің көтерме бағасы ғана емес, өткізілетін тауардың жаңа өндірілгендігі және оның сапасы.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына және қонақтарына палау, бауырсақ пен ыссы шай тегін түрде тарату ұйымдастырылады.
Қорытынды ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде белсенді қатысушыларға қала әкімі тарапынан алғыс хаттар және сыйлықтар мен марапатталатын болады.
Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын аталған жәрмеңкеге қатысуға және қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырамыз.