Центральный парк культуры и отдыха им.Первого Президента РК Көрме
Басталу күні
30-12-2016 10:00
Аяқталу күні
30-12-2016 19:00

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, қалалық мәдениет Үйі және Тұңғыш Президент саябағы «Аяз Ата мен Ақша қар шеруі» атты байқауұйымдастырады.
Байқау 2016 жылдың 30 желтоқсан сағат 11.00-де Тұңғыш Президент саябағында өтеді.

Байқаудың мақсаты:

- Ақтөбеліктердің қол жетімді құралдарын пайдалана отырып, қардан жасалған үздік мүсіндерін анықтау;
- Байқау арқылы ақтөбеліктерге мерекелік көңіл – күй сыйлау, сондай – ақ, жасөспірімдер мен балаларды шығармашылыққа, оның ішінде қолданбалу өнерге баулу;
- Қала тұрғындардың қаламызда өтетін мәдени – шараларға белсене араласуына мүмкіндік жасау;
- Бүлдіршіндердің отбасы мүшелерімен бос уақытты пайдалы өткізіп, отбасылық құндылықтарды сақтауға мүмкіндік жасау.

Байқаудың шарттары:

Байқауға кез – келген жастағы жеке тұлғалар, отбасылар, арнайы құрылған топтар, мекемелер мен қаламыздың жеке кәсіпорындар қызметкерлерінен құрылған топтар қатыса алады.
Байқау қатысушылары төмендегі жас ерекшеліктерге сай бағаланып, марапатталады:
- 7 жасқа дейінгі қатысушылар;
- 8 – 12 жас арасындағы қатысушылар;
- 13 – 18 жас арасындағы қатысушылар;
- 18 жастан жоғары қатысушылар.

Ескерту: АРАЛАС ЖАС, яғни 18 жастан жоғары қатысушылар топпен қатысқан жағдайда аралас жас болып бағаланады.

Байқау талаптары:

- Байқауға ұсынылатын жұмыс міндетті түрде қардан, қол жетімді құралдарды пайдалана отырып, өз қолымен жасалынуы қажет.Мүсінді кез – келген бояулармен әрлендіруге болады. Мүсіннің өлшемі автордың ойындағы бейнеге сай жасалады.

Қазылар алқасы бағалау барысында:

- Мүсіннің мәнерлігі, автордың қиялынан туындаған мүсіннің ерекшелігі;
- Мүсіннің сапалығы мен сәнденуі;
- Мүсін жасау кезінде ерекше құралдардың пайдалануы;
- Орындаушылық шеберлік пен ұқыптылығы;

Байқауға ережеге сай емес, этикалық және моральдық нормаларға сай жасалмаған жұмыстар бағаланбайды.
Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды.
Қазылар алқасы қандай да жүлдені бермеуге, жүлделі орынды екі қатысушының арасында бөлуге құқылы.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар Ақтөбе қаласы Әкімінің дипломымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер 29 желтоқсанға дейін мына мекен-жайға өтініш тапсырады:
Ш.Уәлиханов – 9 «а», Қалалық мәдениет Үйі.(Акация немесе орталық базар аялдамасы, «Астана» және «Аққу» сауда Үйлерінің ортасында орналасқан екі қабатты ғимарат). Байланыс телефондары: 24-28-55, 73-84-90 факс: 22 -24 -03.