30 желтоқсанда Ақтөбеде «Аяз Ата мен Ақшақардың шеруі» өтеді

Центральный парк культуры и отдыха им.Первого Президента РК Мереке
Басталу күні
30-12-2016 10:00
Аяқталу күні
30-12-2016 18:00

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, қалалық мәдениет Үйі және Тұңғыш Президент саябағы «Аяз Ата мен Ақша қар шеруі» атты байқау ұйымдастырады.
Байқау 2016 жылдың 30 желтоқсан сағат 11.00-де Тұңғыш Президент саябағында өтеді.

Байқаудың мақсаты:

- Мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту;
- көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту,
- Балаларға шаттық сыйлап, сәнді киінген Аяз ата мен Ақшақар арқылы әдемілікке, шынайылыққа баулу.

Байқаудың шарттары мен талаптары:

- Байқауға кез – келген жастағы Аяз Ата мен Ақшақар киімін киген кейіпкерлер қатысып, көрермендер алдында шеруге қатысады.
- Сахна төріне көтерілген Аяз Ата мен Ақшақар қызықты мерекелік құттықтау лебіз ұсыну керек.

Бағалау белгісі:

Қазылар алқасы кейіпкерлердің киіміне, құттықтау тілектің маңыздылығына, сөздік қорға баса назар аударады.
Қазылар алқасы қандай да жүлделі орынды бермеуге, бір жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ ТАЛҚЫЛАУҒА ЖАТПАЙДЫ!

Марапаттау рәсімі:

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар Бас – жүлде, І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар және номинациялар бойынша қала әкімінің дипломымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

Өтініштер 2016 жылдың 29 желтоқсанға дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады:
Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 9 «А», қабат, 6 бөлме. Байланыс тел: 8 (7132) 24-28-55; Факс: 8 (7132) 22-24-03, gdk2012@bk.ru