30 қарашада Ақтөбеде Жас кәсіпкерлерге арналған Форум өткізеді

Мереке
Басталу күні
30-11-2016 07:30
Аяқталу күні
30-11-2016 17:00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерей тойы қарсаңында «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ мен «Аcademy imageology» LTD (Астана қ.) бірігуімен, ағымдағы жылғы 30 қарашасында «Зере» қонақ-үй-мейрамханасы кешенінде Жас кәсіпкерлерге арналған Форум өткізеді.
Форумға Еуропа қайта құру және даму банкінің Шағын бизнесті қолдау тобы, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар Астана қаласынан профессорлар, имиджеологтар және жетекші бизнес-тренерлер Д.Т.Исмаилова, А.Ш.Нургалиева, С.Д.Бекмагамбетова қатысады.
Шараның мақсаты жас кәсіпкерлердің әлеуетін дамытуға бағытталған. Форум аясында жас кәсіпкерлерге семинарлар, тренингтер, сонымен қатар мастер-кластар өткізіледі.
Жас кәсіпкелер мен жаңадан ісін бастаушы 120 кәсіпкерлер қатысады деп күтілуде.
Форум табысты кәсіпкерлер мен тәжірибелі менторлардың, сонымен қатар жаңадан ісін бастаушы кәсіпкерлер мен ірі корпорациялар өкілдерінің кездесуіне бірден-бір алаң болып табылады.
Форумға қатысушыларды тіркеу сағат 8.30 дан 9.00 дейін өткізіледі.
Форумға қатысуға қатысты қосымша ақпаратты келесідей байланыс ақпараттары арқылы алуыңызға болады: 8 /7132/ 215-551, 215-471.