1 желтоқсан күні Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған мерекелік шаралар өтуде

г.Актобе Мереке
Басталу күні
01-12-2016 08:00
Аяқталу күні
01-12-2016 21:00

1 желтоқсан күні Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған мерекелік шаралар өтуде.
Ақтөбеде бұл күні «Батыс-2» шағын ауданында «КИК» АҚ бағдарламасы бойынша салынған үйдің пәтер кілттерін табыс ету, Батыс-2 шағын ауданында 320 орындық «Нектар» ӨК салынған балабақшаның ашылуы, «Сайлан Ақтөбе» ЖШС «Хромикс» толтырғыш пигменті мен құрамында хромы бар шикізаттан жасалған магнезиялы ұнтақ өндіру цехының пайдалануға берілуі, Ақтөбеде, Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан 220 орындық Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының ашылуы, медицина мекемелеріне 14 жаңа реанимобильдер тапсыру өткізілуде.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ!» атты салтанатты шара 1 желтоқсан күні «Салтанат Сарайы» мейрамхана кешенінде өтуде.
Көптеген шаралар мәдениет және спорт мекемелерінде өтеді. 1 желтоқсан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тәуелсіздік туын желбіреткен – желтоқсан» атты кітаптар көрмесі, «Алақай» қуыршақ театрында сағ.11.00-де «Тізгініңді босат та, құстай самға» атты С.Балыковтың спектакілі өтеді.

1121233