«Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез–құлық стандарты

29.11.2017 Жемқорлыққа қарсы күрес

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез–құлық стандарты, «Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.

1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: қоғамдық қатынастың өзге саласы.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» ММ
3.Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету,  азаматтардың арыздарын заңда көрсетілен мерзімде қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына сүйене отырып, тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, азаматтар мен мекемелердің арыздарын қарауда әуре-сарсаңға, төрешілдікке жол бермеу;
-  іс-әрекеті шағымдалған тұлғаға өтініштерді жолдауға жол бермеу; 
- азаматтардың келісімінсіз олардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпияға қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермеу;
-  өтінішке қатысы жоқ азаматтардың жеке басы туралы деректерді анықтауға жол бермеу;
- мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- қызмет алушыларға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету, лицензия немесе рұқсат беру құжаттарын алудың бекітілген тізбесіне енбеген қосымша құжаттарды сұрату, талап етуге жол бермеу; 
- мемлекеттік қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етпеу;
- қарау үшін мемлекеттік қызмет көрсету туралы қабылданған өтініштерді, сондай-ақ олардың қарау мәртебесі туралы мәліметтерді автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (болған жағдайда) уақытылы енгізу;

3.2. Өз құзыретінің аясында басқарушылық және басқа да шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
- мүдделлер қақтығысына жол бермеу, орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес жою бойынша шаралар қабылдау;
- шешім қабылдауды көздейтін қадағалау шараларын немесе өзге шараларды жүзеге асыру барысында сұрақтарды объективті қарау, шешеміді заңнама талаптарына сай қабылдау;
- мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдау барысында өзінің қызметтік міндеттерімен байланысты материалдық игіліктерді, қызметтерді және өзге артықшылықтарды қабылдамау;
- қызметтік міндеттер мен құқықтары  аясында өкілеттіктерді жүзеге асыру;
 - барлық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісіп жұмыс істеуі мен құзыреттерін нақты ажырату;
- лауазымдық өкілеттіктерге байланысты емес және ҚР заңннамасын бұзуға бағытталған бұйрықтардың қабылдануына жол  бермеу;

3.3. Нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеу кезде:
- нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу барысында 2016 жылғы                      6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының нормаларын қатаң сақтау;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің қоғмадық талқылаусыз қабылдануына жол бермеу;  
- белгіленбеген тұлғаларға немесе  жеке тұлғағаға бағытталуы тиіс;
-заңмен қарастырылған нормативтік құқықтық акт қабылдауға құзіреттілік көрсетілген  жағдайда нормативтік құқықтық акт қабылдау;

3.4.Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, кедергі жасайтын немесе мемлекеттік мекеменің тиімді жұмыс істеуін төмендететін іс-қимылға қарсы тұру;
- Заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген әрекеттер, құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу;
- іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

4.Сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті:
Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратпен таныс болған жағдайда, ол мұндай құқық бұзушылықты болдырмау және тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылдауға,  оның ішінде жоғары тұрған басшыны, өзі қызмет атқаратын мемлекетік мекеменің басшысын  жазбаша нысанда дереу хабардар ету міндетті. Мемлекеттік қызметші аталған тұлғаларды және органдарға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға өзге адамдар тарапынан итермелеу жағдайы жөнінде жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс.

Шапка статьи

Антикоррупционный стандарт  поведения государственного служащего государственного учреждения «Аппарат акима города Актобе»